Жаңалықтар тізбегі
0

Нетаньяху Газа секторындағы атыс тоқтамайтынын айтты

Нетаньяху Газа секторындағы атыс тоқтамайтынын айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2023 09:54 Сурет: Instagram.com/b.netanyahu/
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху тұтқынға алынған израильдіктер босатылмайынша Газа секторындағы атыс тоқтамайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нетаньяху ABC арнасына берген сұхбатында соғысты жалғастыру палестиналық Хамас қозғалысына қысым көрсетудің жалғыз тиімді жолы деп айтты.

"Газадағы кепілге алынғандар босатылмайынша атыс тоқтатылмайды. Мұнда бір сағат анда бір сағат болатын қысқа тактикалық үзілістерге келсек, менің ойымша, бізде гуманитарлық жүктерді жіберуге немесе жеке тұлғалардың шығуына бұрын да <...> осылай жасадық. Бірақ жалпы атысты тоқтату болады деп ойламаймын ", - деді ол.

"Менің ойымша, бұл әскери күш-жігерге кедергі келтіреді. Бұл кепілге алынғандарды босату әрекетімізге кедергі болады, өйткені ХАМАС-тағы қылмыскерлермен жұмыс істейтін жалғыз нәрсе - біз қолданатын әскери қысым", - деп қосты Нетаньяху.

Бұған дейін Газа секторында Израиль армиясының жердегі операциясы жалғасып жатқаны хабарланған. Израиль билігі қазір Палестина анклавын бақылап отырған ХАМАС қозғалысын толығымен жоймақ ниетте. Сонымен бірге босқындар лагерлері, ауруханалар және басқа да азаматтық нысандар мезгіл-мезгіл Израиль әуе шабуылдарына ұшырайды. ЦАХАЛ ХАМАС-ты өз нысандарын бейбіт тұрғындардың қасында әдейі орналастырды деп айыптайды. Өз кезегінде халықаралық қауымдастық Израильдің "керексіз күш қолдануына" алаңдаулы.

Анклавтың Денсаулық сақтау министрлігі Газа секторында қаза тапқандар саны 10 мыңнан асқанын хабарлады. Израиль әскерилерінің мәліметінше, Газа секторында содырлар 239 адамды кепілде ұстап отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: