Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда цифрлық таңбасы жоқ темекі өнімдеріне айыппұл салынады

Цифрлық таңба, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2022 19:37 Сурет: pixabay
Темекі өнімдерін цифрлық таңбалау 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүргізіліп келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, қағаз акциздік маркалардың күшін жоюға байланысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап темекі өнімдері тек сәйкестендіру құралдарымен таңбаланатыны белгілі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен міндетті таңбалауға жататын темекі өнімдері түрлерінің нақты тізбесі (сигареттер, сигариллалар, сигаралар, стиктер, кальян темекісі және т.б.) бекітілді.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, темекі өнімдерінің айналымы сәйкестендіру құралдары болған кезде ғана мүмкін болады.

Сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер комитетінде енді темекі өнімдерінің барлық түрлерінде цифрлық таңбалаудың (сәйкестендіру құралдарының) болмағаны үшін мемлекеттік кірістер органдары темекі өнімдерін тәркілей отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын еске салды.

Мемлекеттік кірістер комитеті цифрлы таңба болмаған жағдайда қандай айыппұлдар қарастырылатынын да айтты:

Толысылған шарап, сыра қайнату өнімін, есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен қоспағанда, алкоголь өнімін таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзу

Толысылған шарап, сыра қайнату өнімін, есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен қоспағанда, өндірушінің немесе импорттаушының алкоголь өнімін таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзуы – құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, сондай-ақ лицензиядан айыра отырып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Акцизделетін өнімді сәйкестендіру құралдарынсыз және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларынсыз, сол сияқты белгіленбеген үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін таңбалармен және сәйкестендіру құралдарымен сақтау, өткізу және (немесе) тасымалдау түрінде жасалған, сәйкестендіру құралдарымен және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарлардың айналымы, – құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, сондай-ақ лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – 50, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 150, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Жыл басынан бастап (2022 жылдың 10 тамызындағы жағдай бойынша) Қазақстан Республикасының аумағына контрабандалық жолмен әкелініп, сатылмақшы болған темекі өнімдерінің 22,5 млн қорабы анықталып, тәркіленген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: