2023 жылдан бастап темекі өнімдеріне акциз ставкалары өседі

Мемлекеттік кірістер комитеті, темекі, темекі акцизінің ставкасы, темекі акцизі, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2022 09:39 Сурет: freepik
Қазақстан Республикасының 2022 жылғы Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес темекі өнімдеріне акциз ставкалары 2023 жылдан бастап кезең-кезеңімен көтеріледі. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, деп мәлімдейді, Zakon.kz.

Атап айтқанда, фильтрі бар сигареттер:

  • 2023 жылы – 14 100 теңге/1 000 дана;

  • 2024 жылы – 15 900 теңге/1 000 дана;

  • 2025 жылы - 15 900 теңге /1000 дана.

Сондай-ақ сигарилларға акциз ставкалары сигареттер ставкаларына теңестірілген.

Қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға өлшем бірлігін килограмнан данаға өзгерте отырып, сигареттерге акциз ставкасының мөлшерінен 70 пайыз деңгейіндегі акциз ставкасы айқындалды:

  • 2023 жылы – 9 870 теңге /1000 дана;

  • 2024 жылы – 11 130 теңге /1000 дана;

  • 2025 жылы – 11 130 теңге /1000 дана.

    Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі никотині бар сұйықтыққа ставка артты:

  • 2023 жылы – 53 теңге/сұйықтық миллилитріне;

  • 2024 жылы – 55 теңге/сұйықтық миллилитріне;

  • 2025 жылы – 55 теңге/сұйықтық миллилитріне құрайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: