Алкоголь өнімін акциздеу бойынша қандай өзгерістер енгізілді
Еске салсақ, Салық кодексінің 475-бабының 4-тармағына есепке алу-бақылау маркаларымен таңбаланатын алкоголь өніміне (толысылған шарапты және сыра қайнату өнімдерінен басқа) акциз төлеу мерзімдері бойынша өзгерістер енгізілген еді.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің мәлімдеуінше, осы өзгеріске байланысты алкоголь өнімін өндірушілер есепке алу-бақылау маркаларымен таңбаланатын толысылған шарапты және сыра қайнату өнімін қоспағанда, алкоголь өніміне акциз салығын өз таңдауы бойынша мына мерзімдердің бірінде төлеуі қажет:
есепке алу-бақылау таңбаларын алғанға дейін;
Салық кодексінің 172-бабына сәйкес есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттеме ұсынылған жағдайда акцизделетін тауарларды тиеп-жөнелту (беру) күні.
Сондай-ақ, Салық кодексінің 172-бабының 7-14-тармақтарына енгізілген өзгерістеге сәйкес, алкоголь өнімін өндіруді жүзеге асыратын тұлға есепке алу-бақылау маркаларын мақсатты пайдалану туралы міндеттемелерді және есепті ұсынады.
Бұдан басқа, Салық кодексінің 463-бабының 4-тармағына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, онда алкоголь өнімі түрлерінің өзгеруі, атап айтқанда «шарап материалы» ұғымы «толысылған шарап», «сыра және сыра сусыны» ұғымы «сыра қайнату өнімімен» ауыстырылды.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі