Жаңалықтар тізбегі
0

Темекі өнімдеріне акциз ставкалары қалай өзгерді

Темекі өнімдеріне салынатын акциз ставкасы, темекі, акциз Сурет: pixabay
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексіне енгізілген өзгертулерге сәйкес 2026 жылға дейінгі 3 жылдық кезеңге темекі өнімдеріне акциз ставкалары өзгертіліп белгіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті акциздер бойынша қандай ставкалар қолданылатынын атап өтті:

Фильтрлі, фильтрсіз сигареттер, папиростар бойынша:

  • 2023 жылы – 14 100 теңге/1000 данаға;
  • 2024-2025 жылдары – 15 900 теңге/1000 данаға;

Құрамында никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысымен қапталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтікті, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі бойынша:

  • 2023 жылы – 12 950 теңге/килограмына;
  • 2024-2025 жылдары – 14 150 теңге теңге/килограмына;

Электронды сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтық бойынша:

  • 2023 жылы – 53 теңге/миллилитр сұйықтыққа;
  • 2024-2025 жылдары – 55 теңге/миллилитр сұйықтыққа;

Сигариллалар бойынша:

  • 2023 жылы – 14 100 теңге/ 1000 данаға;
  • 2024-2025 жылдары – 15 900 теңге/1000 данаға;

Қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға өлшем бірлігі килограммнан данаға өзгере отырып, темекіге акциз мөлшерлемелерінің мөлшері 70% деңгейінде акциздің мөлшерлемесі айқындалды:

  • 2023 жылы – 9 870 теңге/1 000 данаға;
  • 2024-2025 жылдары – 11 130 теңге/1000 данаға.

Қазақстанда цифрлық таңбасы жоқ темекі өнімдеріне айыппұл салу көзделген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз