Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда қыркүйек қарсаңында 16 мыңнан астам оқушы материалдық көмек алады

Материалдық көмек, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2022 21:24 Сурет: Zakon.kz
Биыл елорда билігі мектепке баратын 16 мыңнан астам балаға көмектесуге ниетті. Оларға мектеп формасын, аяқ киім мен кеңсе тауарларын сатып алу бойынша материалдық көмек көрсетіледі. Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сенғазиев жыл сайын елордада "Жалпыға міндетті білім беру" бағдарламасы аясында мектеп киімін, аяқ киімді, мектеп-жазу керек-жарақтарын сатып алынатынын жеткізді. Оның айтуынша, биыл мектеп керек-жарақтары мен киімдер ақшалай түрде беріледі.

Нұр-Сұлтан қаласының 16 720 білім алушысы материалдық көмек ала алады. Бір балаға арналған материалдық көмек көлемі 40 мың теңгені құрайды. Бүгінгі таңда елорда мектептеріне 8 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Материалдық көмек алу үшін өтініш, банктік карточканың 20 таңбалы нөмірі қажет, оның иесінің несиелік қарызы жоқ және картасы бұғатталмаған болуы керек. Немесе материалдық көмекті аудару үшін банкте арнайы шот ашады. Бұл ретте қаражаттың мақсатты пайдаланылуын (түбіртектер, төлем туралы чектер, фото) құжатпен растау және оларды сатып алған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде мектептерге ұсыну қажет. Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев

Мына оқушылар материалдық көмек ала алады:

  • АӘК алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар;

  • орта есеппен жан басына шаққандағы АӘК алмайтын отбасылардан шыққан балалартабысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен (37 389);

  • жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, отбасыларда тұратындар;

  • шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балалар. Төтенше жағдайлар;

  • басқа санаттар (өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар және кемтар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар).

Білім басқармасы осы мәселе бойынша білім беру ұйымдарының басшыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептердің әкімшіліктері халықтың мұқтаж топтарының тізімін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізуде. Қасымхан Сенғазыев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: