Нұр-Сұлтанда қараусыз төрт жылқы көлік ағылып жатқан көшеге шығып кеткен

Оқыс оқиға Сурет: pixabay
12 тамызда таңертең көлік ағылып жатқан Абылай хан даңғылында қараусыз төрт жылқы жайылып жүрген. Оқиға орнына полиция қызметкерлері, әкімдік және ветеринарлық қызмет өкілдері бірден келіп жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірлескен жұмыстың арқасында қараусыз жылқылар уақытша мал ұстау бекетіне жеткізілді.

Ауылшаруашылығы жануарлары мәліметтерін біріздендіру базасына табылған жылқылардың чиптері енгізіліп, тексерілді. Осылайша олардың Ақмола облысы Аршалы ауданының тұрғынына тиесілі екені анықталды. Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі

Жылқы иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 386 және 406-баптары бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Сондай-ақ, полиция департаменті қараусыз малдың иесіне аман-есен табысталғанын да айта кетті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз