Жаңалықтар тізбегі
0

Черногория тұрғыны отбасылық жанжалдан соң қолына қару алып, 11 адамды жайпап тастады

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2022 18:19 Сурет: gov.me
Черногорияның оңтүстігіндегі Цетин қаласы маңындағы Медовина ауылында ер адам көшедегі адамдарға оқ жаудырып, салдарынан бірнеше адам қайтыс болды, оның ішінде балалар да бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

34 жастағы Вук Бориловичтің оғына оның тоғыз туысы мен сол маңнан өтіп бара жатқан кездейсоқ екі адам іліккен, деп хабарлайды Черногорияның ұлттық теледидары полицияға сілтеме жасап.

Полиция өкілі Борилович алдымен өз үйін жалдап тұрып жатқан туыстарын атып тастағанын айтты.

Ол аңшы мылтығымен 8 және 11 жастағы екі баланы атып өлтірген, марқұмдардың анасы да оққа ұшып, ауруханада көз жұмды. Содан кейін ол көшеге шығып, мылтығымен ауыл тұрғындарына атқан: тағы жеті адам қаза тауып, алтауы жарақаттанды. Черногория полиция басқармасының директоры Зоран Брджанин

Тоғыз адам оқиға орнында, тағы екеуі ауруханада жан тапсырды.

Мылтық ұстаған ер адам оққа ұшқандарға жедел жәрдем қызметкерлерін жолатпай қойған. Қанды оқиғаға отбасылық жанжал себеп.

Жан-жағын жайпаған ер адамның көзі жойылған. Бір дерек бойынша, оны атқан полицейлер делінсе, тағы бірінде көршілердің бірі екені айтылады. Черногорияда үш күндік аза тұту күні жарияланады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: