Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола облысында өрттен төрт адам қайтыс болды

Өрт, Ақмола облысы, Красный Яр, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2022 14:17 Сурет: ТЖД баспасөз қызметі
Ақмола облысында Красный Яр ауылында пәтерде өрт шығып, салдарынан төрт адам – ер, әйел және екі бала қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, бірінші қабатта орналасқан пәтерде өрт шыққаны туралы хабарлама 5 мамыр күні сағат 03:54-те түскен.

Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына үш минутта жетті. 1964 жылы туған әйел мен 2015 жылы туған немересі өрт сөндірушілер келгенге дейін терезе арқылы пәтерден өз бетінше эвакуацияланған. Өртті сөндіру кезінде екі ересек адамның: 1991 жылы туған ер адам, 1993 жылы туған әйел және 2018 жылы туған екі баланың мәйіті табылды.Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Ведомствоның мәліметінше, өрт 50 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өрттің алдын ала себебі – электр тоғының қысқа тұйықталуы. Сағат 04:50-де өрт сөндірілді. Өрт болған жерде өртке қарсы ғылыми-зерттеу зертханасы жұмыс істеп жатыр. Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 13 қызметкері мен үш техника жұмылдырылды.

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. Өрт болған жағдайда дереу 101 нөміріне хабарласыңыз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: