Ерлан Қиясов лауазымды қызметке тағайындалды

Кадрлық тағайындау Сурет: ҚР ДСМ баспасөз қызметі
Алдында ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері болған Ерлан Қиясов жаңа лауазымды қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ерлан Қиясов Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ұлттық сараптама орталығының Басқарма төрағасы болып тағайындалды, делінген аталған орталық сайтындағы хабарламада.

Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі мен білігі:

  • ҚазММУ,

  • Орталық Азия университетін,

  • әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

  • «Тұран-Астана» университетін бітірген.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 1990 жылы Алматы қаласындағы «Жедел жәрдем ауруханасының» жансақтау бөлімінде санитар болып бастады.

  • 1997-1999 жылдары Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Әуе көлігі орталық санитариялық-эпидемиологиялық станциясының санитар дәрігері, эпидемиологы болып еңбек етті.

  • 1999 жылдан 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының құрылымында – санитариялық-эпидемиологиялық станциясының жалпы гигиена бойынша дәрігері, жедел бөлім меңгерушісі, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі,  «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК директоры, ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы меңгерушісінің орынбасары болды.

  • 2020-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қызметін атқарды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз