Абай Қайырбеков ІІМ-ге лауазымды қызметке тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Абай Қайырбеков ІІМ-не лауазымды қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жайлы 2025 жылғы 28 ақпандағы Ақорда мәліметінен белгілі болды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Абай Серікұлы Қайырбеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды".
Абай Қайырбеков 1975 жылы 29 мамырда Қарағанды облысында дүниеге келген. 1997 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, 2002 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Сурет: gov.kz
Ішкі істер органдарында 1998 жылдан бастап жұмыс істейді. Қызметін кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі жедел уәкіл қызметінен бастады. Кейін ҚР ІІМ ведомстволарында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2011 жылдан бастап ІІМ орталық аппаратында басшылық қызметтер атқарды.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қанат Шарлапаевты өзінің көмекшісі етіп тағайындағаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript