Ермұхамбет Қоныспаев ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды

жаңа қызмет, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2022 12:44 Сурет: gov.kz
Мемлекет басшысының өкімімен Ермұхамбет Болатпекұлы Қоныспаев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының өкімімен Ермұхамбет Болатпекұлы Қоныспаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп жазады Ақорда .

Ермұхамбет Болатпекұлы Қоныспаев Алматы қаласында туған.

  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетін, Ахен қаласындағы Рейн-Вестфаль техникалық университетінің магистратурасын Еуропалық зерттеулер мамандығы бойынша бітірді.

  • Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық білім беру стипендиясының түлегі.

  • Дипломатиялық қызметін ҚР Сыртқы істер министрлігінің жүйесінде 2001 жылы Екіжақты ынтымақтастық департаментінің атташесінен бастады.

  • 2002-2003 жылдары – Қазақстанның Германиядағы Елшілігінде атташе.

  • 2003-2007 жылдары Қазақстанның Аустриядағы Елшілігінде атташе, үшінші және екінші хатшы қызметін атқарды.

  • 2008 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне аға кеңесші ретінде жұмысқа ауысты.

  • 2008-2014 жылдары Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің бірінші хатшысы және кеңесшісі болып жұмыс істеді.

  • 2014-2017 жылдары – Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы экономикалық саясат департаменті директорының орынбасары.

  • 2017 жылдың тамыз айынан қазан айына дейін СІМ Еуразиялық интеграция департаменті директорының міндетін уақытша атқарушы болды.

  • 2017-2019 жылдары – СІМ Еуразиялық интеграция департаментінің директоры.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: