Қанат Тумыш Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды

Қанат Тумыш жаңа қызмкетке келді, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2023 12:15 Сурет: ҚР СІМ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қанат Тумыш жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда жазды.


"Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Қобыландыұлы Тумыш Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар мемлекет басшысының жарлығымен Қанат Тұмыш Қазақстанның Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылғаны хабарланды.

Бұған дейін Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін Әділ Тұрсынов атқарған еді. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанның Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: