Сыртқы істер министрінің орынбасары жаңадан тағайындалды

Ардақ Зебешев, кадрлық тағайындау, ҚР СІМ, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары  , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2026 18:13 Сурет: gov.kz
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары жаңадан тағайындалды. Бұл лауазымды қызметке Ардақ Зебешев келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 23 қыркүйекте Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ардақ Темірханұлы Зебешев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", делінген президент Жарлығында.

Ардақ Зебешев 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.2003 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін "Халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша, 2006 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін "Экономика" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2014 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша King’s College London университетін "Мемлекеттік басқару" мамандығы бойынша бітірген, ал 2019 жылы Warwick Business School (Ұлыбритания) оқу орнында MBA дәрежесін алған.

Еңбек өтілі:

  • 2003–2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратында, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінде қызмет атқарған.
  • 2016–2019 жылдары "Самұрық-Қазына" АҚ құрылымдарында басшылық лауазымдарда жұмыс істеген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарының кеңесшісі болған.
  • 2019–2024 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінде қызмет атқарып, басқарма басшысынан комитет төрағасына дейінгі еңбек жолынан өткен.
  • 2024 жылғы ақпанда Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалып,
  • 2026 жылғы маусымда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы болып тағайындалғанға дейін осы қызметті атқарды.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының короліне құттықтау жеделхатын жолдаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: