Жаңалықтар тізбегі
0

Мал дәрігерлерінің жалақысына 2023 жылдан бастап үстемақы қосылады

ветеринар, медицина, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2022 17:10 Сурет: unsplash
Ветеринария саласы Қазақстанда жалақының төмен болуына байланысты жас және жоғары білікті кадрлардың тапшылығын сезініп жатыр. Бұл туралы брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ауыл шаруашылығы саласындағы жалақысы аз мамандықтардың бірі мал дәрігері екені анықталды. Бұл ретте еліміздегі мал дәрігерлерінің орташа жасы – 40-50 жас. Бұл салада жас және жоғары білікті кадрлардың жетіспейтінін байқадық. Бұған ауыр еңбек жағдайы, жалақының төмен екені, ауылдық жерлердегі инфрақұрылымның дамымағаны ықпал етіп жатыр. Осының бәрі мал дәрігері мамандығының жастар үшін тартымсыз болуына әкеліп соғады.Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов

Оның айтуынша, 2022 жылдың бірінші тоқсанынан бастап ветеринария мамандарының республикалық орташа жалақысы 33,4% өсті. Ал 2022 жылдың соңына қарай оны тағы 60% арттыру жоспарланып отыр.

Ол орташа айлық жалақы Қызылорда облысында 98 мың теңгеден Павлодар облысында 206 мың теңгеге дейін өзгеретінін айтты.

Бұл жеткіліксіз. Мәселелерді шешу үшін біз бәсекеге қабілетті секторы жоқ аудандарда ақылы қызмет көрсету көлемін ұлғайту бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Келесі жылдан бастап коммуналдық ветеринариялық кәсіпорындардың ветеринария мамандарының еңбекақысына 50%, ресми мемлекеттік және коммуналдық мекемелердің базалық жалақысына 140% үстеме ақы енгізу жоспарланып отыр. Қосымша ақы зиян еңбек жағдайларына, патогендік 1-2 биоагенттермен жұмыс істеу еңбегіне төленеді.Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов

Сонымен қатар вице-министр ветеринардың жүктемесін теңестіру мақсатында Аграрлық университетпен бірлесе отырып, бір ветеринардың норматив жүктемесін есептеу жұмысы жүргізіліп жатқанына сендірді.

Талдау барысында ауданда мал көп, бірақ мал дәрігерлері аз болған фактілер анықталды. Мал аз, мал дәрігерлерінің саны, айталық, малы көп өңірлердегідей, жалақылары да төмен аймақтар бар. Біз қазір мал дәрігерлерінің санын және олардың жалақысын аймақтарда ерекшеленбеуі үшін теңестіруді жоспарлап отырмыз.Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов

Сонымен қатар ол келесі жылдан бастап ветеринарларға жәрдемақы ретінде екі лауазымдық жалақы бөлу жоспарланып отырғанын айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: