Рүстем Құрманов Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды

Рүстем Құрманов Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2023 15:20 Сурет: Zakon.kz
ҚР үкіметінің қаулысымен Рүстем Жомартұлы Құрманов берген өтінішіне сәйкес Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды.

Рүстем Құрманов 1981 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек өтілі:

  • Еңбек жолын 2003 жылы ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Ақмола облыстық аумақтық басқармасының экономикалық талдау бөлімінің жетекші маманы болып бастады.
  • 2012–2013 жж. – ҚР АШМ Инвестициялық саясат департаментінің директоры.
  • 2013–2015 жж. – ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы.
  • 2015-2017 жылдары ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіптік кешенінде комитет хатшысы болып жұмыс істеді.
  • 2017 жылғы шілдеден 2018 жылғы маусымға дейін ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарды.
  • 2018 жылғы маусым мен 2019 жылғы ақпан аралығы – «ҚазАгро» холдингінің басқарма төрағасы.
  • 2019 жылғы наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болып жұмыс істеді.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: