Қызылорда облысында құжатсыз дизель сатқан кәсіпкер сотталды

Қызылорда облысында жеке кәсіпкер мұнай өнімдерін шығу заңдылығын растайтын құжатсыз көтерме саудада дизель өткізбек болғаны үшін 2 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, Қызылорда облысында құжатсыз дизель сатқан кәсіпкер сотталды. Кәсіпкер 4 тонна дизель отынын тиісті құжатсыз өткізбек болған кезде ұсталды.
Тергеу барысында ол бұрын өзі сатқан 93 миллион теңге болатын тағы 402 тонна жанармайдың шығу заңдылығын растай алмаған.Қаржы мониторингі агенттігі
Бөлісу
0
Толық оқу