Жаңалықтар тізбегі
0

Қазір сатып аласыз немесе күтесіз: сарапшылар тұрғын үй нарығындағы жағдайды айтты

тұрғын үй, пәтер, баспана, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2022 13:29 Сурет: Zakon.kz
Жылжымайтын мүлік нарығындағы жағдай әрқашан тұрақсыз, сондықтан көбіне үй сатып алу туралы шешім қабылдау қиын. Zakon.kz сарапшылармен сөйлесіп, тұрғын үй нарығында не болып жатқанын және биылғы күзде пәтер бағасы қандай болатынын білді.

Тұрғын үй нарығында не болып жатыр?

Қазақстан жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек Мүсіреповтің айтуынша, кейінгі 2,5 айда Қазақстанда тұрғын үй нарығында бір сөзбен айтқанда тоқырау байқалды. Азаматтардың сатып алу қабілеті екі есе төмендеді, бұл да транзакциялар санының екі есеге дерлік қысқаруына әкелді. Себебі бүгінде тұрғындардың ипотекалық несиелеу түріндегі қосымша құралдардың көмегімен жылжымайтын мүлік сатып алуға қаражаты жоқ, жетпейді.

«Отбасы банкі» халықтың әлеуметтік осал тобына көбірек несие берсе, қалған адамның несиесі екінші деңгейлі банктерде қалады. Бұл банктердегі мөлшерлеме 19-дан 24%-ға дейін өзгереді. Бұл көп азамат үшін тиімсіз.

Мұндай қысым елде тұрақсыз болып тұрған инфляциядан, девальвациядан келеді. Мұның бәрі бастапқы тұрғын үй нарығына, құрылыс салушыларға, әсіресе жылжымайтын мүліктің бірінші және екінші санаттарына үлкен әсер етеді. Ол дегеніміз – 80% импорттық құрылыс материалдарына тәуелді элиталық және бизнес-кластағы үйлер.Қазақстан жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек Мүсірепов

Жылжымайтын мүлік жөніндегі жетекші маман Александр Бикетовтың айтуынша, баспана құнына сұраныстың маусымдық ауытқуы да әсер етеді. Мысалы, қазір Алматыда студенттер үшін 1-2 бөлмелі пәтерге сұраныс болса, мамырдың соңы мен желтоқсанның басында 3 бөлмелі пәтерлер сұранысқа ие. Сұраныс өскен сайын баға да өседі.

Осылайша жыл басынан зейнетақы жинақтарын алудың жеткіліктілік шегі ұлғайғанға дейін дүрбелеңнің салдарынан баспана құны көтерілді. Мамыр айынан кейін халықтың баспана алуға қосымша қаражаты болмағандықтан баға азды-көпті тұрақтанды. Жалпы бір шаршы метрдің құны шамамен 10% өсті.Ермек Мүсірепов

Тұрғын үйдің шаршы метрінің құны бойынша қазір Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент көш бастап тұр. Сонымен қатар Krisha.kz сайтының мәліметінше, шілдеде екінші реттік тұрғын үй бағасының ең көп өсуі Тараз қаласында тіркелді (2,2%).

Бір шаршы метрдің ең жоғары орташа бағасы, әрине, Алматыда және бұл Қазақстанның барлық қаласы арасындағы максималды сұранысқа байланысты. Біріншіден, 2,5 миллионнан астам халқы бар ең үлкен қала, мұнда әрдайым қызмет көрсету, өндіріс және сауда салаларында жұмыс орындары бар. Екіншіден, жоғары оқу орындарының көбі түрде Алматыда орналасқан, жыл сайын қалаға 200 мыңнан астам студент келеді. Жылжымайтын мүлік жөніндегі жетекші маман Александр Бикетов

Жақында баспана құны қандай болады?

Сарапшылардың болжамынша, тұрғын үй бағасының жаһандық құлдырауын күтуге болмайды. Жаз аяқталуға жақын, яғни күзге қарай сатып алушылар белсенді болады деп болжанып отыр.

Сұраныс бар. Бірақ оны қанағаттандыру үшін нарықта әлі жеткілікті ұсыныс жоқ. Сонымен қатар біз демалыс маусымынан кейін сатып алушылардың белсенділігі артады деп күтеміз. Сондықтан біздің сарапшылар клиенттерге жақсы сәтті күтпей, осы жерде және қазір тиімді шарттармен мәміле жасауды ұсынады.Александр Бикетов

Ермек Мүсірепов эконом кластағы тұрғын үй құнын айына 1-1,5% төмендету үрдісі бар екенін айтты. Себебі мұндай тұрғын үй кешендері негізінен қаланың шалғай және жаңадан қосылған аудандарында салынып жатыр.

Сонымен қатар жаңадан салынып жатқан және жақында пайдалануға берілген элиталық, бизнес және комфорт кластарының бастапқы тұрғын үйлері үшін Нұр-Сұлтан және Алматыда тұрғын үй кешендерін коммунал қызметтермен қамтамасыз ету бойынша кейбір мемлекеттік реттеулер жоспарланғандықтан, баға соған қарай жоғары реттеледі. Сондықтан біз де тұрғын үй сатып алуды ертеңге қалдырмай, мүмкін болса, қазір жылжымайтын мүлікті сатып алуды ұсынамыз. Ермек Мүсірепов

Ермек Мүсіреповтің айтуынша, Алматыда жақын арада жаңа жылжымайтын мүлік тапшылығы байқалады. Әсіресе халық көп баратын жақсы аймақтарда. Мұның бәрі қаланың орталық бөлігінде жаңа тұрғын үй кешендерін салуға орын болмағандықтан туып отыр. Қазір тозығы жеткен тұрғын үйлерді жаңасына ауыстыру бағдарламасы бойынша қарастырылған көшелердің алаңдары салынып жатыр.

Сарапшы Қазақстан шенеуніктері Алматы мен Нұр-Сұлтанды қаптаған ғимаратқа толтырмау үшін өңірлерге үлкен көңіл бөліп, ондағы құрылыс саласын дамытуы керек деп санайды.

Ал халықтың баспана сатып алу мүмкіндігі болуы үшін Қазақстанның барлық азаматы үшін 3% мөлшерлемемен және халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 1%-дан 3%-ға дейін мемлекеттік ипотека қажет. Сонымен қатар тұрғын үй құнының шекараларын анықтау қажет, оған сәйкес осы ипотека жұмыс істеуі керек. Сонда біз қазірдің өзінде қолжетімді баспана сатып алуға несие қаражатының тиімді жұмсалғанын көреміз. Себебі қазір баспана, жалпы алғанда, біз үшін қолжетімсіз. Қазақстан жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек Мүсірепов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: