Жаңалықтар тізбегі
0

Тұрғын үй нарығы: министрлік жағдайдың тұрақтанғанын күтіп отыр

ҚР ИИДМ, тұрғын үй, қымбатшылық, тұрғын үй нарығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2022 17:55 Сурет: Zakon.kz
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев тұрғын үй нарығындағы қазіргі жағдай, тұрғын үй бағасының қымбаттауына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Иә, баға өсіп жатыр. 2021 жылдың соңында бастапқы тұрғын үй бағасы бойынша өсім 6%-дан асса, қолданыстағы тұрғын үй бойынша өсім шамамен 17% болды. Еркебұлан Дауылбаев

Оның айтуынша, қазірдің өзінде құрылыс материалдары орташа есеппен 20 пайызға қымбаттаған. Болашақта мұндай жағдайды болдырмау үшін министрлік 600 миллиард теңгенің 35-ке жуық жобасын әзірлеген, оны 2025 жылға дейін жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Оның сегізі 2022 жылдың соңына дейін енгізілетіні мәлім болды.

Соңғы оқиғаларға байланысты жағдай қазір күрт өзгерді. Төңірегімізде не болып жатқанын көріп отырсыздар. Біз жағдайдың тұрақтануын күтеміз. Қазіргі уақытта белгілі бір шаралар бар. Бұл шаралар әзірленіп, келісілген соң, оларды жүзеге асыруға кірісеміз.Еркебұлан Дауылбаев

Бұған дейін ведомство өкілі нарықтан жалға алынған баспана ақысының жартысын төлеу тетігі 1 мамырда іске қосылатынын мәлімдеген еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: