Жаңалықтар тізбегі
0

Атамқұлов: Тұрғын үй халыққа қолжетімді болуы керек

тұрғын үй, құрылыс, ИИДМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2021 11:06 Сурет: primeminister.kz
Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов тұрғын үйді халыққа қолжетімді ететін шараларды таныстырды, деп хабарлайды

Атамқұлов баспананың халыққа қолжетімді болуы керектігін атап өтті. Осыған орай, тұрғын үй мен құрылыс материалдарының қымбаттауына жол бермеу мақсатында министрлік үш бағытта жұмыс жүргізуде. Біріншісі – құрылыс саласын цифрландыру. Екіншісі – баға жүйесін жетілдіру және құрылысты бақылауды күшейту. Үшіншісі – құрылыс материалдары өндірісін дамыту.

Цифрландыруға келетін болсақ, ол бизнес-процестердің ашықтығы мен мөлдірлігін талап етеді. Ақпарттық модельдердің мемлекеттік банкі жүйесі енгізіліп жатыр. Ол құрылыс нысандарын ақпараттық модельдеу технологияларын қолдана отырып, онлайн форматта модельдеуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде "Е-Құрылыс" жүйесі құрылыс процесін шұңқыр қазудан бастап қолдануға беруге дейінгі барлық кезеңде онлайн бақылауға мүмкіндік береді.Бейбіт Атамқұлов

Үлестік қатысу шарттарын есепке алу үшін «Қазреестр» енгізілді. Маркетплейс онлайн платформасынан компаниялар құрылыс материалдарын өндірушілерден делдалсыз тікелей сатып ала алады. «Е-Шаңырақ» платформасы тұрғындардың жеке көмекшісі болады және оларға үйін басқару бойынша барлық ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Бейбіт Атамқұлов саланы цифрландыру бойынша қабылданып жатқан шаралар бюрократияны азайтып, құрылыстағы процедураларды жеңілдетеді деп сендірді.

Құрылыстағы баға белгілеу жүйесін жетілдіру және бақылауды күшейту бағыты бойынша да жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.

Бағалар тізімінің орнына бірыңғай сметалық бағалар, сметалық бағалардың анықтамалықтары әзірленуде. Бұл өңірлердегі бірдей объектілерді салу құнының ауытқуын, сондай-ақ жобалау және жобалық-сметалық құжаттарды сараптамадан өткізу кезінде жобалардың сметалық құнын арттыруды болдырмайды.Бейбіт Атамқұлов

Министр қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарын шағым түспесе, тексеру мүмкін еместігін және аталған органдар құрылыс нысандарын қолдануға беруге қатыспайтынын айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: