Жаңалықтар тізбегі
0

Еркебұлан Дауылбаев ҚР ИИДМ вице-министрі болып тағайындалды

Кадрлық тағайындау, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2022 19:43 Сурет: ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі
ҚР Үкіметінің қаулысымен Еркебұлан Әбілханұлы Дауылбаев Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Еркебұлан Дауылбаев 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Ресей кеден академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің ОҚО бойынша Кедендік бақылау департаментінің инспекторы лауазымынан бастады.

2010-2011 жылдары — ОҚО Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бөлім басшысының міндетін атқарушы, лицензиялау бөлімінің басшысы.

2011-2012 жылдары — ОҚО Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары.

2012-2014 жылдары — ОҚО бойынша Кедендік бақылау департаментінің Контрабандаға қарсы күрес басқармасының басшысы.

2013-2014 жылдары — ОҚО Құрылыс басқармасының басшысы. Әр жылдары жеке компанияларда жұмыс істеді.

2016-2017 жылдары – «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары.

2017-2018 жылдары — ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары.

2018 жылы Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі болды.

2018-2020 жылдары — Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.

2020-2021 жылдары — ҚР ИИДМ Құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары.

2021 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: