Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Путинді ТМД саммитіне шақырды: Оған өзіңіз қатысады деген сенімдеміз

Қазақстан, Ресей, Сочи, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2022 19:44 Сурет: akorda.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сочиде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу өткізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шын мәнінде, Қазақстан мен Ресей арасында стратегиялық серіктестік негізіндегі қарым-қатынас орнаған. Биыл біз дипломатиялық қарым-қатынас орнатудың өте маңызды датасын атап өтіп жатырмыз. Осыдан 30 жыл бұрын Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойылды. 2013 жылы осы Шарт елдеріміз арасындағы одақтастық қатынастар туралы сіз қол қойған жаңа құжатпен толықтырылды. Сондықтан қалыптасқан негіз өте жақсы.Қасым-Жомарт Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев сауда-экономикалық ынтымақтастық табысты дамып келе жатқанына тоқталып, өнеркәсіп кооперациясы біздің көңілімізден шығатындай елеулі нәтижелерге жеткенін атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, сауда динамикасы дұрыс жағынан дамып жатыр. Былтыр сауда көлемі 24,5 миллиард долларды құрады. Президент бұл көрсеткішпен Ресей біздің тауар айналымымызда бірінші орында тұрғанын айтты.

Тоқаев қазан айында өтетін ТМД саммитіне де тоқталып өтті.

Биыл Қазақстан ТМД-ға төрағалық етеді. Қазан айында ТМД саммиті өтеді. Оған өзіңіз қатысады деген сенімдеміз. Оның үстіне Ресей Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында маңызды рөл атқарады. Бұл – шынымен де халықаралық форматтағы ынтымақтастықтың басым бағыты, – деді президент.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: