Тоқаев пен Путин Украина маңындағы жағдайлар туралы сөйлесті
Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Украина мәселесіне қатысты Ресей басшылығының ұстанымы туралы айтты. Ресей Президенті Қазақстанмен арадағы достық және одақтастық қатынастарды екі мемлекет халықтарының мүддесіне сай нығайта беруге бейілді екенін нақтылады, делінген Ақорда хабарламасында.
Әлемдік саясаткерлер Ресейдің Донецк және Луганск халық республикаларын тану туралы шешіміне бірден реакция білдірді.
Қалыптасқан жағдайға байланысты Германия "Солтүстік ағын – 2-ні" сертификаттауды доғару туралы шешім қабылдады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript