Жаңалықтар тізбегі
0

Сомалидегі қонақүйде 20-дан астам адам қаза тапты

Сомалиде атыс орын алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2022 12:10 Сурет: pixabay
Могадишо қаласындағы «Хайт» қонақүйінің аумағында «Аш-Шабаб» лаңкестік тобы 15 сағаттан астам уақыт бойы шайқасты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кейбір мәліметтер бойынша, қаза тапқандар саны 30 адамға жеткен. Қаза тапқандар арасында әскерилер, шенеуніктер, сондай-ақ қонақүй иесі бар, деп хабарлайды ТАСС. Сомали барлауының жетекшілерінің бірі жараланды.

Армия бөлімшелері қонақүйге таңертең ерте келгені хабарланды. Олар дрондарды пайдаланып, ғимаратты артиллериядан атқылап жатыр.

Белгілі болғандай, шабуылдың алдында үш қолдан жасалған бомба жарылған. Содырлар тобы ғимаратқа басып кіріп, оның үй-жайларына тосқауыл қойып үлгерген. Көмекке келген полиция бөліміне қонақүй маңында содырлар шабуыл жасаған.

«Аш-Шабааб» 2004 жылы Сомалиде құрылған. 2008 жылдан бері оның содырлары мезгіл-мезгіл лаңкестік әрекеттер жасап келеді. 2010 жылға қарай топ орасан зор аумақтарды басқарды, бірақ 2011 жылдың жазында ол Сомали астанасы Могадишоды тастап, ел үкіметі мен оның одақтастарына қарсы партизандық тактикаға көшуге мәжбүр болды. 2012 жылдың ақпан айында «Аш-Шабаб» жетекшілерінің бірі содырлардың «Әл-Каида» (Қазақстан Республикасында тыйым салынған) лаңкестік ұйымына қосылғанын хабарлады. «Аш-Шабаб» тобының жалпы саны әртүрлі мәліметтер бойынша 10 мың содырға дейін жетеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: