Маймыл шешегі вирусы Американың барлық штатына таралды
Сурет: akorda.kz
ABC News маймыл шешегімен ауырғандар АҚШ-тың 50 штатының бәрінде анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
22 тамызда маймыл шешегі Вайоминг штатында алғаш рет тіркелді. Бұл штат АҚШ-тың маймыл шешегімен ауырған адамдар тіркелмеген жалғыз штаты болып тұрған еді.
Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының мәліметі бойынша, АҚШ-та қазірдің өзінде 15 433 адам ауырған. Ең көп жұқтырғандар Нью-Йорк штатында (2910 адам), Калифорнияда (2663 адам) және Флоридада (1588 адам).
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазірдің өзінде әлемде 35 мыңнан астам адам маймыл шешегі вирусын жұқтырғанын хабарлады. Әзірше Қазақстанда маймыл шешегі вирусының бірде-бір жағдайы анықталған жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript