Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында есірткі сатумен айналысқан әйел 10 жылға сотталды

Түркістан облысы, есірткі, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2022 23:56 Сурет: Zakon.kz
Сот қаулысымен есірткі саудалаған 48 жастағы сотталушы әйел ҚР ҚК-нің 297-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысының полицейлері өткен жылдың желтоқсан айында Сайрам ауданында сезікті әйел тұрғындардың біріне жалпы салмағы 5 грамнан асатын марихуана есірткі заты бар сіріңке қорапшасын сатқанын анықтады.

Жедел уәкілдер күдіктінің Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерінде тінту кезінде синтетикалық пирролидиновалерофенон препаратына ұқсас екі полиэтилен түйіншегін тауып алып, тәркілеген. Сараптамаға сәйкес, заттай дәлел ретінде алынған есірткінің салмағы 5 грамнан асты. Бұл жайт ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша тіркелді. ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу кезінде жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Нәтижесінде сот қаулысымен 48 жастағы сотталушы әйел ҚР ҚК-нің 297-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: