Талдықорғанда есірткі сатумен айналысқан екі азамат 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Есірткі саудасымен айналысқан адамдар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2023 17:05 Сурет: ҚР ІІМ
Талдықорғанда екі есірткі сатушыны 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы сот үкімі заңды күшіне енді.
"Күдіктілерді ұстау Талдықорған аумағында есірткі сату орындарын анықтауға бағытталған арнайы іс-шаралар барысында жүргізілді. Екеуі де гашишті сату кезінде ұсталды. Жиналған дәлелдерді ескере отырып, екеуі де сот тарапынан 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Яғни адамдар тобында есірткі заттарын өткізу", – деді облыс ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Жыл басынан бері өңірдің полицейлері есірткі қылмысына қатысы бар 20-ға жуық күдіктіні ұстады, олардың арасында “синтетика”, гашиш және марихуана сатушылары бар.

10 адам есірткіні аса ірі мөлшерде сақтағаны үшін жауапқа тартылды. Заңсыз айналымнан 30 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: