Қазақстанда дарынды ғалымдарды қалыптастыру бағдарламасы құрылады

зерттеу, ғылым, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2022 17:13 Сурет: pexels
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Ғылым және жоғары білім форумында Қазақстанда ғалымдар көбейетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Вице-премьердің айтуынша, ғалымдарды жүйелі қолдау ғылымды дамытудың басым бағытына айналуға тиіс. Осыған байланысты ғылыми қызметке бейім балаларды іріктеудің үздіксіз көп деңгейлі жүйесін әзірлеуді тапсырды.

Мұндай жүйе қазірдің өзінде өнер саласында сәтті жүзеге асырылып жатыр. Болашақ режиссерлер мен музыканттарды дайындау орта мектеп қабырғасынан басталып, мамандандырылған колледждер мен жоғары оқу орындарында жалғасады.

Ғылыми-зерттеу әлеуеті зор ғалымдардың жаңа буынын қалыптастыру үшін таланттарды жинау бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын. Сонымен қатар шетелден келген қазақстандық дарынды ғалымдар тізімінің ақпараттық базасын құруды жеделдету қажет.Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов

Бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Қазақстанда ғылыми кадрлардың тапшылығы апатты жағдайда екенін айтқан еді. Тәуелсіздік алған кездері 52 мыңға жуық ғалым болса, қазір ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының базасында 22 мың адам ғана еңбек етіп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: