Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда республикалық орфографиялық комиссия құрылады

Қазақстанда республикалық орфографиялық комиссия құрылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2024 15:25 Сурет: Zakon.kz
Тіл саясаты комитеті "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Үкімет қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереже мынадай мазмұндағы тармақшамен толықтырылады:

  • "Республикалық орфография комиссиясын құру және оның қызметін қамтамасыз ету".

Комитет қазіргі кезеңде қазақ тілінің орфографиясын жүйелеу аса маңызды мәселе болып табылатындығын айтты. Осыған байланысты ғылыми негізделген нұсқада қазақ тілінің емлесін әзірлеу және бекіту үшін арнайы орфография комиссиясын құру қажет.

"Бұл міндет ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы қаулысымен бекітілген ҚР-да тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының 3-бөлімінде көзделген", - делінген негіздемеде.

Бұдан басқа, бұған дейін Премьер-Министрдің орынбасары ҚР Үкіметі жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның отырысында министрлікке мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері мен ғалымдарды тарта отырып, орфографиялық комиссия құру туралы тапсырма берген болатын.

Құжат 23 шілдеге дейін жария талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: