Жаңалықтар тізбегі
0

Еңбек министрлігі жанынан жаңа комитеттер құрылады

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, жаңа комитет, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2024 17:17 Сурет: primeminister.kz
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы" үкімет қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті құрылсын, делінген құжатта.

Сондай-ақ мына комитеттердің атауы өзгертілді:

  • Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің атауы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті болып;
  • осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері – мемлекеттік мекемелерінің атаулары өзгертілсін.

Нәтижесінде министрліктің мынадай ведомстволары бар:

  • Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті;
  • Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті;
  • Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті.

Осылайша, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің өңірлік департаменттері Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменттері деп аталатын болады.

Құжатта бұл өзгерістер мемлекеттік еңбек инспекциясын жергілікті атқарушы органдардың қарауынан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қарамағына өткізіп беру процесімен байланысты екені айтылады.

Құжат 9 сәуірге дейін қоғамдық талқы мақсатында "Ашық НҚА" сайтына орналастырылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: