Еңбек министрлігіне жаңа міндеттер жүктелмек

Еңбек министрлігі, ҚР Үкіметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2022 11:27 Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы Үкімет қаулысына өзгерістер әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, министрлікке екі жаңа міндет жүктеледі:

  • тең мүмкіндіктер, толеранттылық қағидаттарын сақтауды және әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық және тілдік белгілері бойынша құқықтарға қысым жасауға жол бермеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек қатынастарында этносаралық және өзге де кез келген кемсітушіліктің туындауының алдын алу;

  • өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды талдау және анықтау;

    Түзетулер Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы ассамблеясының 2022 жылғы 25 мамырдағы ХХХI сессиясында, сондай-ақ Үкіметке 2022 жылғы 27 шілдеде берілген тапсырмаларын орындау шеңберінде әзірленген.

    Құжат бойынша Ашық НҚА сайтында 4 қарашаға дейін пікір білдіруге болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: