Жаңалықтар тізбегі
0

Полицей ақша аударғалы жатқан зейнеткер әйелді тоқтатып, алаяқтан құтқарды

Несие рәсімдеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2022 00:08 Сурет: Zakon.kz
Қарағанды облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі Данияр Нарынбековтің қырағылығының арқасында интернет-алаяқтары ойлаған жымысқы әрекеттерін соңына дейін жеткізе алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

24 тамызда полиция қызметкері жұмыстан тыс уақытта дүкенге кіріп, сонда орналасқан терминал арқылы өзінің есепшотын тексермекші болған. Сол уақытта полицей екінші терминалда тұрған егде жастағы азаматшаны байқаған. Зейнеткер әйел ұялы телефон арқылы белгісіз біреумен сөйлесіп тұрып, солардың айтқанымен терминалдан “Банк қызметі” атты торды басып жатқан.

Зейнеткер ұялы телефон арқылы біреудің айтқанымен операция жасап жатқанын бірден сездім. Өйткені азаматша терминалға ұялы телефонмен өзгенің айтқанын теріп, сөмкесінен қомақты қаржы алып шықты. Осы кезде мен ол кісіге келіп, өзімнің полиция қызметкері екенімді айттым. Сөйттім де ол кісінің қолындағы ұялы телефонын маған беруді өтіндім. Телефонды алғанымда тұтқаның арғы жағынан “Ешкімге ештеңе айтпаңыз, ол алаяқ болуы мүмкін” деген дауыс естідім. Бұл ескерту зейнеткерге айтылған шығар. Алайда ұялы телефон менде болған. Мен олардан “Сіз кімсіз?” деп сұрағанымда “Нұр-Сұлтан қаласынан Ұлттық банк қызметкерімін” деп жауап берді. Мен оларға өзімді полиция қызметкерімін деп таныстырғанымда олар бірден тұтқаны қоя салды, – дейді Данияр Нарынбеков.

Осылайша полиция қызмектерінің қырағылығының арқасында 69 жасар азаматша бір топ алаяқтардың арбауынан құтылды.

- Мені біреу дуалап тастағандай болды. Уақытылы менің ісіме араласып, мені алаяқтардан аман алып қалған Даниярға рақмет. Ол мені полиция бөліміне алып келіп, барлығын түсіндірді, – дейді зейнеткер.

Белгілі болғандай, азаматша қаладағы банктердің бірінде өзінің есеп шотына ақша салған. Банктен шығып, салынған ақша есеп шотына түскен-түспегенін тексермекші болғанда оған ұялы телефонына белгісіз біреулер қоңырау соққан.

Бейтаныс нөмірден қоңырау түсті. Белгісіз қыз Нұр-Сұлтан қаласынан Ұлттық банктен екенін айтты. Сөйтті де белгісіз біреулер сіздің атыңызға несие рәсімдегелі жатыр. Алайда қауіпсіздік қызметі олардың жолын кесті. Қазіргі уақытта ол қызметкерлер сіздің атыңызға кім несие рәсімдегенін анықтап жатыр. Ол жерде полиция қызметкерлері де қатысы болуы мүмкін. Сіз бұл жағдайды ешкімге айтпаңыз деді. Сондықтан да осындай жағдайға түсіп қалғанымды мен жолдасыма да айтпадым. Менімен сол сәтте бірден үш “алаяқ” жұмыс жасады. Бірі өзін банк қызметкерімін десе, енді бірі тергеуші, бірі криминалдық полицияданмын деді. Олар маған алаяқты табу үшін банктен 4 миллион несие рәсімдеу керектігін айтты. Мен зейнеткер екенімді айтып, маған ондай несие бермейтінін түсіндірдім. Сол кезде “қанша берсе, сонша сомма алыңыз” деді. Маған банк 600 мың теңге ақша берді. Ақшаны алғаннан кейін алаяқтардың айтуымен дүкенге кіріп, терминал арқылы олар айтқан есеп шотқа ақша салмақшы болдым. Ұялы телефонмен сөйлесу барысында алаяқтар үнемі маған ешкіммен сөйлеспеуімді айтып отырды. Алайда менің маңдайыма алаяқтың құрбаны болу жазылмапты. Өйткені қасымда қиын сәтте полиция қызметкері кездесті. Оған дән ризамын, – деді 69 жастағы зейнеткер.  

Жедел уәкіл Ұлттық банк, құқық қорғау органының қызметкерлері ешқашан азаматтарға қоңырау соқпайтынын баса айтады.

Сондықтан да сіздерге жоғарыда аталған қызметкерлердің атынан телефон соқса ешқашан олармен сөйлесіп қажет емес. Сондай-ақ, алаяқтар WhatsApp желісіндегі бейне сөйлесуден бас тартады. Оларға бейнебайланыс арқылы сөйлесуді айтсаңыз олар бірден бас тартады. Қала тұрғындарынан полиция қызметкерлерінің ескертпелеріне құлақ асып, алаяқтың құрбаны болмауға, сақтық шараларын сақтауға шақырамыз, – деді жедел уәкіл Данияр Нарынбеков.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: