Үндістанда «қызанақ тұмауы» таралып жатыр

Үндістан, "қызанақ тұмауы", "қызанақ безгегі", денге безгегі, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2022 09:54 Сурет: pexels
Үндістанда балаларға жаңа вирус – "қызанақ тұмауы" диагнозы қойылды. Оны "қызанақ безгегі" деп те атайды. "Қызанақ тұмауы" деген атау жұқтырған кезде денеде ауыратын қызыл көпіршіктердің пайда болуымен түсіндіріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Guardian басылымының жазуынша, ол жаялық пен лас заттар арқылы жұғады. Иммундық жүйесі әлсіреген балаларға қауіпті.

Бұл вирустың табиғаты әлі толық зерттелмеген.

Lancet мақаласында айтылғандай, "қызанақ тұмауы" вирустық инфекция емес, чикунгунияның немесе денге безгегінің салдары болуы мүмкін.

Үндістанда әдетте жаңбырлы маусымда чикунгунья мен денге безгегі өрши түседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: