Елімізде "А" тұмауы таралып жатыр — министрлік
Сурет: pixabay
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда тұмау және басқа да жедел респираторлық вирустық инфекциялардың жыл сайын артып келе жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz
Министр эпидемия кезеңі басталғанға дейін 2,7 миллионнан астам адам тұмауға қарсы екпе салдырғанын мәлімдеді. Бұл – халықтың 14%-ы.
Қазір "А" тұмауының вирусы республика бойынша таралып жатыр. 500-ден астам адамда осы вирус бар екені зертханалық деңгейде анықталды. Қаңтар айының екінші жартысынан бастап жедел респираторлық вирустық инфекциялармен сырқаттанушылар саны күрт өсуі мүмкін. 2019 жылдағы эпидемиологиялық кезеңмен салыстырғанда, аурудың таралуы 1,2 есеге өсті. Кейінгі аптада сырқаттанудың жоғары деңгейі сақталды. Тек балалар арасында 13%-ға өскен.Ажар Ғиният
Министрдің сөзінше, офлайн оқыту кезінде балалар арасында коронавирус та, ЖРВИ де тез таралып, сырқаттанудың жоғары деңгейі сақталады.
Тұмау мен ЖРВИ профилактикасының шаралары коронавирусқа қарсы шараларға ұқсас әрі өзекті. Ол – бұл маска режимін сақтау, адам көп жиналатын орындарға барудан бас тарту. Ауру белгілері пайда болған жағдайда үйде болуыңыз керек. Басқалардан оқшауланып, дер кезінде медициналық көмекке жүгініңіз.Денсаулық сақтау министрі
Сонымен қатар министр жедел респираторлық вирустық инфекциялармен ауырғандардың 50%-ы балалар екенін айтты. Осыған байланысты ол облыс әкімдерінен тәрбие және білім беру ұйымдарында профилактикалық шаралардың сақталуына назар аударуды сұрады.
Еске салайық, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 5 466 адам жұқтырғаны хабарланды. Бұл алдыңғы күнге қарағанда 2 025 адамға аз.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript