Мексикада газ ұрламақ болғандардың кесірінен жарылыс болды

Мексика, жарылыс, газ құбыры Сурет: Zakon.kz
Мексикада ұрылар мемлекеттік компанияға қарасты құбырдан газ ұрламақ болып, құбырды тесіп жатқанда, күшті жарылыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жойқын жарылыс, "Хабар 24" арнасы таратқан ақпарат бойынша, Мексиканың Пуэбло штатында болды.

Нақтырақ айтсақ, оқиға Амасок қаласында тіркелді. Жарылыс қылмыскерлер құбырдан көгілдір отынды ұрлау үшін құпия ойық жасап жатқан кезде болған. Олар экскаватормен құбырды тесіп алған.

Жарылыстан жақын маңдағы біренеше үй қирады. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз