Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбедегі жарылыс: кінәлілер жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Ақтөбе, төтенже жағдайлар департаменті, көлік жөндеу орталығы, жарылыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2022 09:32 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Ақтөбеде көлік жөндеу орталығында жарылыс болып, 68 жастағы күзетші қайтыс болды. Жарылыстың алдын ала себебі ретінде газ құрылғысының жарылуы айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz

Қазір оқиға орнында тергеушілер тобы жұмыс істеп жатыр. Бүлінген көлік иелері де, көлік жөндеу орталығының иесі де тергеу аяқталғанша қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Полиция бұл іске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады, деп жазды astanatv.kz.

Техникалық қызмет көрсету бекеті қызметкерлерінің айтуынша, сол жерде 11 көлік болған. Оның жартысының газ-баллонды қондырғысы бар. Алдын-ана нұсқа бойынша, сондай қондырғының бірінен шыққан газ бен ауа аралас қоспа жарылған. Ақтөбе облысы ТЖД басшысының орынбасары Қайрат Қасым

Ақтөбе облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұловтың мәлімдеуінше, аталған факт негізінде Ақтөбе облысының полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бап, 2-бөлігі «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Еске салсақ, 22 ақпан күні Ақтөбедегі «Әлтайыр» көлік жөндеу орталығында газ құрылғысы жарылып, оқиға орнынан күзетшінің мәйіті табылған еді.

Тақырып бойынша оқи отырыңыз:

Ақтөбеде ТҚКС жарылып, бір адам қайтыс болды

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: