Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Жоғарғы сот судьяларын сайлау арқылы таңдау тәсілін енгізуді ұсынды

сот, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2022 12:05 Сурет: freepik
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында саяси шенеуніктердің жеке жауапкершілігін арттыра отырып, мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыруға баса назар аудару керек екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Саяси шенеуніктердің жеке жауапкершілігін арттыра отырып, мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыруға баса назар аудару керек. Үкімет құзыретінің бір бөлігі министрліктерге берілуі керек, яғни "ұжымдық кабинет" емес, нақты министр нақты салалық саясатқа жауапты болуы керек. Үкімет салааралық мәселелерді шешуге назар аударады.Президент

Сонымен қатар, мемлекет басшысының айтуынша, қоғамда заң үстемдігі берік орнығып, сот төрелігі әділ атқарылуы қажет. Осыған орай, қазылар қауымын шұғыл түрде қайта іріктеп, жаңартып жасақтау керек. Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот судьяларын сайлау арқылы таңдау тәсілін енгізген дұрыс болады деді.

Қазылар жоғары білікті, адал, жемқорлықтан таза болуы қажет. Ең әуелі, барлық судьялардың мәртебесін теңестірген жөн. Олар өзінен жоғары тұрған әріптестеріне тәуелді болмауы керек. Көптеген сот төрағасы лауазымы судья лауазымы болып өзгереді. Сот төрағасы және Сот алқасының төрағасы лауазымына үміткерді судьялар өздері сайлайтын тәсіл енгізуді ұсынамын. Жоғарғы Сот судьяларын да сайлау арқылы таңдау тәсілін енгізген жөн. Ол үшін Президент үміткерлерді баламалы негізде Сенатқа ұсынуы керек. Аталған салаға мықты заңгерлерді тарту үшін материалдық жағдай жасау қажет.Тоқаев

Президенттің сөзінше, оған құқық қорғаушылар, адвокаттар қауымдастығының өкілдері бірнеше рет өтініш жолдады. Олар елді жаппай тәртіпсіздікке үндеген адамдарды қатаң жазалау қажет екенін айтқан.

Бұл – орынды ұсыныс. Сондықтан өкілетті органдарға осы мәселені қарастырып, нақты шара қабылдауды тапсырамын. Біз кез-келген ашық арандатушылыққа және заңсыз іс-әрекетке қатаң тосқауыл қоюымыз керек. Ел ішіне іріткі салған және заң бұзуға шақырған адамдар қатаң жазадан құтылып кетпейді.Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: