Жамбыл облысында сарбаздың өліміне қатысты күдікті ұсталды

Қайғылы оқиға Сурет: Zakon.kz
ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі қатардағы сарбаз Бекбол Мираштың өліміне қатысты іс бойынша Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасының Тараздағы бөлімі тергеу жүргізіп жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тараздың мамандандырылған тергеу соты оған қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция тағайындады. ҚР ҚПК 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол берілмеуіне байланысты тергеп-тексеру барысы және қылмыстық істің мән-жайлары туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілмейді. ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Қылмыстық іс ҚР ҚК 451-бабының 2-бөлігі, яғни "Билігін, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланудың ауыр зардаптарға әкеліп соғуы" бойынша қолға алынғаны нақтыланады.

19 тамызда атыраулық әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болды. Қызылқоға ауданы Миялы ауылының 18 жасар тумасы Бекбол Мираш Жамбыл облысындағы "Шөлдала" шекара бөлімшесінде әскери борышын өтеп жатқан. Марқұмның туыстары өз-өзіне қол жұмсау болжамына еш сенбейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз