Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысындағы жарылыстар - қандай бап бойынша қылмыстық істер қозғалды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2021 22:29 zakon.kz
Редакцияның ресми сауалына ҚР Ішкі істер министрлігі Әскери тергеу басқармасы Жамбыл облысындағы жарылыстар фактісі бойынша екі қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады.

Жамбыл облысындағы оқ-дәрі қоймаларында болған жарылыстарға қатысты Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Соның бірі - "Басшының немесе шенеуніктің өз қызметіне немқұрайлы қатынасы", - деп хабарлайды zakon.kz.

Редакцияның ресми сауалына ҚР Ішкі істер министрлігі Әскери тергеу басқармасы Жамбыл облысындағы жарылыстар фактісі бойынша екі қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады:

- "Басқа адамдарға қатер төндіретін оқ-дәрілермен және жарылғыш заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеліп соқтыру";
- "Басшының немесе шенеуніктің өз қызметіне немқұрайлы қатынасының ауыр зардаптарға әкеліп соғуы".

Өрт пен жарылыстың себептерін анықтау үшін тергеуге сырттан мамандар тартылды, өрт-жарылыс және басқа да сараптамалар тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, Жамбыл облысының полициясы "Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін тудырған жалған ақпаратты тарату" бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Сотқа дейінгі тергеу ісі әлі жалғасуда.

26 тамызда Жамбыл облысы, Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі қоймалардың бірінің жанынан өрт шықты. 17 адам қаза тапты. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: