Жамбыл облысында мал ұрлаған екі қылмыстық топ ұсталды

Лошадь, лошади, кони, конь, коневодство, пастбище, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2026 09:01 Фото: primeminister.kz
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысында мал ұрлығымен айналысқан екі қылмыстық топтың жолын кесті.

Ведомствоның мәліметінше, сәуір айының екінші онкүндігінде Жамбыл облысы Сарысу ауданы аумағында жылқы ұрлаумен айналысқан ұйымдасқан топтар қолға түскен.

Тергеу барысында күдіктілердің далада қараусыз жайылып жүрген малды алдын ала бақылап, түнгі уақытта "Газель" көлігімен келіп, тиеп әкеткені анықталды. Кейін олар ұрланған малды көршілес аудандарға апарып, жергілікті тұрғындарға сатып отырған.

Полицияның дерегінше, қылмыстық топ мүшелері жалпы құны 15 миллион теңгеден асатын 39 жылқыны ұрлаған. Қазіргі уақытта барлық күдіктілер қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ІІМ өкілдері мал ұрлығы үшін заңнамада мүлікті тәркілеу және 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салды. Сондай-ақ мал иелеріне жануарларды міндетті түрде сәйкестендіріп, қараусыз қалдырмау ұсынылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: