Серік Жұманғарин Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Серік Жұманғарин жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды, - желінген Ақорда хабарламасында.
15 тамызда Серік Жұманғарин ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы қызметінен босатылып, ҚР премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы болып тағайындалған еді.
Бөлісу
0
Толық оқу