Дархан Қыдырәлі Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды

Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындалды, - делінген Ақорда хабарламасында.
Сонымен қатар мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Қуанышұлы Омаров Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылды.
Дархан Қыдырәлі 1974 жылы 16 сәуірде дүниеге келген.
Білімі:
ҚазҰУ (1991-1992);
Мармара университеті (1996);
Dokuz Eylül University (1997);
Эгей университеті (1998);
Стамбул университеті (2001);
Біліктілікті арттыру: Египеттегі Каир университеті (2006), Халықаралық лингвистикалық институт, Вашингтон (2013)
Еңбек өтілі:
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті: аға ғылыми қызметкер, ғылыми хатшы, бөлім меңгерушісі, аппарат басшысы, жетекші ғылыми қызметкер (2001-2005);
Түркітану институты және «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері (2003-2005);
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, аға ғылыми қызметкері (2005-2006);
«Туған тіл» альманахы бас редакторының орынбасары (2005-2006);
ҚР президентінің Мәдениет орталығы директорының орынбасары (2006-2007);
«Қазақстан» телеарнасының «Күмбез» рухани-танымдық бағдарламасының жүргізушісі (2006-2007);
ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі (2007-2008);
ҚР президенті Әкімшілігінің сарапшысы, сектор меңгерушісінің міндетін атқарушы (2008-2009);
ҚР президентінің Баспасөз хатшысының орынбасары (2009-2012);
Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары (2012-2014);
Түркі академиясы халықаралық ұйымының президенті (2014 ж., 09.2018 ж. қайта сайланды);
«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы (07.2016, 05.2021)
2 қыркүйекте Дархан Қыдырәлінің Түркі академиясының басшысы қызметінен кететіні белгілі болды.