Дархан Қыдырәлі Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды

Дархан Сурет: : wikimedia
Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Дархан Қыдырәлі жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындалды, - делінген Ақорда хабарламасында.

Сонымен қатар мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Қуанышұлы Омаров Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылды.

Дархан Қыдырәлі 1974 жылы 16 сәуірде дүниеге келген.

Білімі:

ҚазҰУ (1991-1992);

Мармара университеті (1996);

Dokuz Eylül University (1997);

Эгей университеті (1998);

Стамбул университеті (2001);

Біліктілікті арттыру: Египеттегі Каир университеті (2006), Халықаралық лингвистикалық институт, Вашингтон (2013)

Еңбек өтілі:

  • Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті: аға ғылыми қызметкер, ғылыми хатшы, бөлім меңгерушісі, аппарат басшысы, жетекші ғылыми қызметкер (2001-2005);

  • Түркітану институты және «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері (2003-2005);

  • Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, аға ғылыми қызметкері (2005-2006);

  • «Туған тіл» альманахы бас редакторының орынбасары (2005-2006);

  • ҚР президентінің Мәдениет орталығы директорының орынбасары (2006-2007);

  • «Қазақстан» телеарнасының «Күмбез» рухани-танымдық бағдарламасының жүргізушісі (2006-2007);

  • ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі (2007-2008);

  • ҚР президенті Әкімшілігінің сарапшысы, сектор меңгерушісінің міндетін атқарушы (2008-2009);

  • ҚР президентінің Баспасөз хатшысының орынбасары (2009-2012);

  • Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары (2012-2014);

  • Түркі академиясы халықаралық ұйымының президенті (2014 ж., 09.2018 ж. қайта сайланды);

  • «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы (07.2016, 05.2021)

2 қыркүйекте Дархан Қыдырәлінің Түркі академиясының басшысы қызметінен кететіні белгілі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз