Жаңалықтар тізбегі
0

Қасым-Жомарт Тоқаев Ержан Бабақұмаровты қызметінен босатты

Кадрлық өзгеріс, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2022 19:30 Сурет: Алматы қаласы әкімдігі
Ержан Бабақұмаров Орталық коммуникациялар қызметінің директоры қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымынан босатылды, делінген Ақорда жариялаған өкімде.

Ержан Бабақұмаров 1969 жылы 2 наурызда Талдықорған облысы Қарабұлақ кентінде туған.

Қазақ мемлекеттік университетін және аспирантурасын бітірген.

Қазақстан даму институтының бөлім меңгерушісі, Саяси зерттеулер орталығының директоры, Алматы қаласы әкімдігі аппаратының бас маманы қызметтерін атқарған.

1996-2006 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің аға референті, консультанты, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, Әлеуметтік саяси бөлімінің бас инспекторы, Ақпараттық-талдама орталығының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігі Ақпараттық талдау бөлімінің меңгерушісі;

2006-2008 жылдары – ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт вице-министрі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы болған.

2008-2012 жылдары – ҚР Премьер-министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары,

2012 жылғы қазаннан 2016 жылға дейін Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы, ҚР Премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары (2016-2018) болды.

2018-2019 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі;

2019 жылдың сәуір-шілде айларында ҚР Президентінің кеңесшісі болды.

2019-2022 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары болды.

Саясаттану ғылымдарының кандидаты, Саясаттану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан саяси ғылымдар қауымдастығының мүшесі. «Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.

ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін 2022 жылдың ақпан айынан бастап атқарды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: