Тоқаев тікұшақпен Қостанай облысындағы өрт аумағын аралап көрді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысындағы табиғи өрттен зардап шеккен аумақтарды тікұшақпен аралап көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың Telegram-каналында Мемлекет басшысымен бейнеролик жарияланды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына келіп, өрттен зардап шеккен Әулиекөл ауданындағы аумақты тікұшақпен аралап шықты.
Бұған дейін Тоқаевтың облысқа табиғи өрттерді жою жұмыстарының барысын бағалау мақсатында келгені хабарланған болатын.
Бөлісу
0
Толық оқу