Жаңалықтар тізбегі
0

Ең әуелі бірлік болсын, барлық көмек болады – Тоқаев

Ең әуелі бірлік болсын, барлық көмек болады – Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2022 16:45 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысында жүр. Сапар барысында ол Әулиекөл ауданындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысты, тұрғындармен, еріктілермен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің баяндамасын тыңдап, өртті толық әрі жылдам ауыздықтау үшін шұғыл әрекет ету штабына бірқатар тапсырма берді.

Сонымен бірге президент ведомство қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелерін шешіп, кәсіби кадрлардың дайындығын арттыру қажет екенін айтты.

Расында, бұл – үлкен шаруа. Зардап шеккен азаматтардың бәрі екі-үш айдың ішінде баспаналы болады деп уәдемді бердім. Оған күмәнім жоқ. Ол – бір. Екіншіден, Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына қатысты. Ең алдымен, осы мәселені шешейік. Содан кейін амандық болса, осы бір қасиетті жерге келіп, Ахмет Байтұрсынұлы бабамыздың рухына тағзым етіп, тойды өткіземіз, – деді мемлекет басшысы халықпен кездесуінде.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев барлық көмек көрсетілетінін айтты. Президент халықты бірлікке шақырды.

Барлық көмек болады. Жаңа да айтып кеттім ғой. Ел болып, тұтасып, тату болып, бір-біріне көмектесіп, осы күрделі жағдайдан абыроймен шығамыз. Ең алдымен бірлік болсын!Мемлекет басшысы

5 қыркүйек күні сағат 09:00-дегі жағдай бойынша Қостанай облысында 1841 адам: Озерное ауылынан – 250 адам, Аманқарағай ауылынан – 1000 адам, Калинино ауылынан – 228 адам, Лесное ауылынан – 363 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: