Жаңалықтар тізбегі
0

Елорда әуежайы басқармасының төрағасы Ғабит Тәжімұратов қызметінен босатылды

Кадрлық өзгеріс, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2022 20:09 Сурет: Ғабит Тәжімұратов/ Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі
Басқарма төрағасының міндетін уақытша атқарушы болып төрағаның орынбасары Мұхиден Әбілдинов тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бірден бір акционер – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің шешімімен 2022 жылғы 6 қыркүйекте "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ Басқарма төрағасы Ғабит Қалиұлы Тәжімұратовтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, делінген хабарламада.

Ғабит Тәжімұратов 1972 жылы 23 наурызда дүниеге келген.

Білімі мен білігі:

  • 1997 жылы Мәскеу мемлекеттік азаматтық авиация техникалық университетін (Мәскеу қ., РФ) "Ұшу аппараттары мен авиациялық қозғалтқыштарды техникалық пайдалану" мамандығы бойынша бітірді, біліктілігі – "Инженер-механик".

  • 2000 жылы Әл-Фараби атындағы  Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде "Заңгер" мамандығын алған. (Алматы қ. ҚазҰУ).

  • 2018 жылы Халықаралық Бизнес мектебінің іскерлік әкімшілік магистрі (IBS Astana және "EU") дәрежесіне ие.

Еңбек өтілі:

  • Еңбек жолын Мәскеу қаласында әртүрлі ұйымдарда № 19 су, РЭУ-5 жұмысшысы болып бастаған (1991 ж.).

  • Мамандығы бойынша еңбек жолын 1998 жылы Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мемлекеттік авиация тіркелімінің пайдаланушыларын сертификаттау бөлімінің (бұдан әрі - ҚР ККМ) жетекші сарапшысы болып бастады.

  • ҚР КжКМ мемлекеттік авиациялық тіркелімінің таратылуына байланысты 1999 жылы «Қазавиасертификация»ЖАҚ-қа (Алматы қ.) коммерциялық әуе көлігі мен жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылардың техникалық аудит жөніндегі бөлімінің бас сарапшы-аудиторы лауазымына ауысты.

  • 2001 жылғы ақпан-қараша аралығында ҚР ККМ Заң департаментінің Көлік және коммуникация министрлігі органдары жүйесінің қызметін құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

  • 2001 жылғы қарашадан бастап 2010 жылғы ақпанға дейін ҚР ККМ жүйесінде, авиакомпаниялардың қызметін реттеу бөлімінің бастығы, азаматтық авиация комитетінің авиакомпаниялардың қызметін реттеу, әуе кеңістігін пайдалану, Экономика және қаржы басқармасының бастығы, Стратегиялық жоспарлау және көлік-коммуникация кешенін дамыту департаментінің азаматтық авиацияны дамыту басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.

  • 2010 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің көліктік және әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету секторының меңгерушісі лауазымына ауысты.

  • 2014 жылдың сәуірінен 2015 жылдың қыркүйегіне дейін "AirportManagementGroup" ЖШС бас директорының орынбасары (9 мемлекеттік әуежай желісін басқарушы компания).

  • 2015 жылғы қыркүйектен 2019 жылғы желтоқсанға дейін "Астана халықаралық әуежайы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, операциялық қызмет, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі басқарушы директор.

  • 2019 жылғы 28 желтоқсаннан бастап бүгінгі күнге дейін "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ Басқарма төрағасы болып жұмыс істеп келді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: