«Атамекен» ҰКП Басқармасының төрағасы Нариман Әбілшайықов қызметінен кетіп жатыр

Кадрлық өзгеріс, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2022 19:52 Сурет: atameken.kz
"Атамекен" ҰКП Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Нариман Әбілшайықов қызметінен кетіп жатыр. Бұл туралы Әбілшайықовтың өзі әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, ол жаңа жобаға жең түре кіріскен.

Бұл жазбаны "Атамекен" ҰКП Басқарма төрағасы ретіндегі соңғы жұмыс күні жазып отырмын. Менің өмірімдегі бұл өте қарқынды әрі күрделі, бірақ қызықты кезеңі болды деп айтқым келеді. "Атамекен" ҰКП Басқарма төрағасының м. а. Нариман Әбілшайықов

Оның айтуынша, палата ұжымы пандемия, қаңтар оқиғалары, әлемдік экономиканың турбуленттілігі кезеңінде бизнестің бетпе-бет келген қиындықтары мен тығырыққа тірелуде ашынуының барлығын басынан өткерді.

Нариман Әбілшайықов басқарма мүшелері тек қана Комитет өкілдерінен сайлануға тиіс екендігін айтады.

Белгілі бір уақыттан кейін Атамекеннің маңызы шындап бағаланады. Ал қазір оны сақтап қалып, нығайта түсу керек. Райымбек Баталовқа осы істе сәттілік тілеймін! Әрқайсыларыңыздың көрсеткен қолдауларыңызға ризашылығымды білдіремін, әрдайым байланыстамыз! "Атамекен" ҰКП Басқарма төрағасының м. а. Нариман Әбілшайықов
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: