Көктөбедегі өрттен кейінгі жағдай қандай
Көктөбеге көтерілген бойда Алматының әдеттегі тұмшасы қалыңырақ болып көрінеді. Содан-ақ кешегі өрттің түтіні әлі сейілмегені байқалады. Сонымен қатар қолқаны жаратындай түтіннің иісі сезіліп тұр.
Сурет: Zakon.kz
Сурет: Zakon.kz
6 қыркүйек күні 18:58-де ТЖД-ның табиғи өрттерге ден қою жөніндегі жасағы Медеу ауданы, Жәнібеков көшесі, 78 үй жанындағы өртті сөндіруге жоғары дәрежедегі дабыл белгісі бойынша аттанды. Тау баурайында құрғақ шөп өртенген.
Сурет: Zakon.kz
Өртті сөндіру жер бедерінің күрделі рельефіне, желдің күшеюіне және күннің қараңғы болуына байланысты қиындады. Қабылданған жедел шаралардың арқасында сағат 20:22-де өрт оқшауланып, сағат 20:35-те толықтай сөндірілді.Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Өрттен қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Сурет: Zakon.kz
Оқиға орнында 17 өрт сөндіру техникасы мен су шашатын көліктер және жеке құрамнан 130 адам жұмыс істеді.
Сурет: Zakon.kz
Қазір Көктөбе саябағында әдеттегідей тіршілік жүріп жатыр.
Сурет: Zakon.kz
Сатушылардың айтуынша, кеше кешке өрт туралы ақпарат түскен кезде парктегі бүкіл адамды көлікпен қалаға қарай эвакуациялаған.
Сурет: Zakon.kz
Кеше кешке дабыл қағылып, эвакуация болатыны хабарланды. Біз дүкеннің бәрін жауып, елмен бірге қалаға қарай үйімізге кеттік. Өртті көрген жоқпыз, себебі ол бұл жақтан көрінбеді. Өрт адам, ғимарат, тіршілік жоқ жерде болды, - деді Көктөбе паркінің сатушысы.
Сурет: Zakon.kz
Қызмет көрсетушілер ешқандай дүрбелең, қорқыныш болмағанын айтты.
Кәдімгі табиғи өрт қой, бірінші рет болып отырған жоқ. Жылда болады. Былтыр Көктөбенің басқа маңы, оның алдыңғы жылы басқа жағы өртенді.Сатушы
6 қыркүйек күні әлеуметтік желіде Алматы тауларынан көрінген түтіннің видеосы жарияланған еді. Қалалық ТЖД баспасөз қызметі өрт шалған аумақтың алдын ала есептелген көлемі 1,5 гектар болатынын жеткізді.