Өрттен кейінгі "Ақкенттегі" тұрғын үй: терезелер сынып, палаткалар құрылған
Сурет: Zakon.kz
2023 жылы 1 тамызда Алматыдағы "Ақкент" тұрғын үй кешеніндегі көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты. Бас сауғалаған адамдар терезеден секіруге мәжбүр болған. Zakon.kz мұндағы қазіргі жағдайды білу үшін оқиға орнында болып-қайтты.
Қалалық ТЖД мәліметтері бойынша, 1-ші қабаттан 16-шы қабатқа дейінгі аралықта жеделсатының электр кабельдері жанып, өрт пәтерлерге ұласқан.
Өрт кезінде үйден барлығы 200-ден астам адам эвакуацияланды.
Өрт кезінде 43 адам зардап шекті, бір әйел алған көптеген жарақаттары салдарынан қайтыс болды.
Өртенген тұрғын үй алдына бірнеше шатыр орнатылды. Мұнда жедел штаб жұмыс істеп жатыр.
Тұрғын үйдің бір бөлігі әлі жабық.
Тұрғындарға заттарын алу үшін ғана оған кіруге рұқсат етілуде.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript







